Учаскелік полиция инспекторлары қызметінің институты құрылды

1091

Учаскелік полиция қызметкерінің мәртебесін арттыру және өкілеттігін кеңейту мақсатында заңнамалық түзету қабылданды. Бұл туралы мәжілістегі үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Учаскелік полиция инспекторлары қызметінің институты құрылды

"Қабылданған шаралар шеңберінде учаскелік полиция инспекторының көмекшісі мәртебесі заңнамалық түрде бекітілді. Бұл полицияның сервистік жұмысы қағидатын іске асыруда учаскелік полиция инспекторлары қызметінің толыққанды институтын құруға мүмкіндік берді", – деді министр.

Ерлан Тұрғымбаев биыл лауазымдарды қайта бөлу есебінен қосымша 277 бірлік учаскелік полиция инспекторы мен 130 бірлік учаскелік полиция инспекторының көмекшісі қызметі енгізілгенін мәлімдеді.

"Халықпен "кері байланыс" орнату мақсатында тұрақты есеп беру кездесуі ұйымдастырылуда. Учаскелік полиция инспекторлары 14,4 мыңнан астам есеп беру кездесуін өткізді. Бұл шараға 487 мыңға жуық азамат қатысты.

Есеп беру кездесуі барысында 6,7 мың ескерту мен ұсыныс айтылып, тиісті шара қабылданды", – деді Ішкі істер министрі.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу