Полиция инспекторы үш баласын өлтірді деген күдікті туралы жалған ақпарат таратқан

500

2023 жылдың наурыз айында үш баласын Ақтауда өлтірді деген күдікке ілінген тұрғын Сириядан қайтару жөніндегі "Жусан"  операциясының қатысушысы болмаған

Полиция инспекторы үш баласын өлтірді деген күдікті туралы жалған ақпарат таратқан Фото: Polisia.kz

Учаскелік полицейдің БАҚ өкілдеріне берген ақпары, яғни  арнайы операция арқылы елге қайтып, Атырауда есепте тұрғандығы туралы түсініктемесі қайта тексерілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

“Бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтіндігі анықталды. Осыған байланысты қызметкермен алдағы уақытта мұндай фактілерге жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді”,– делінеді Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, 2011, 2014,1016 жылы туған үш баласын 27 шағын аудан, 46 үйде қатыгездікпен өлтірді деп туған әкесі қамауға алынды. 36 жастағы күдіктінің үстінен ҚР ҚК 99-бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу