Бұл туралы учаскелік полиция инспекторының мәртебесін арттыру туралы брифингте баяндалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтуынша, учаскелік полиция қызметкерлері көші-қон, тұрмыстық зорлық-зомбылық, қоршаған ортаны қорғау және басқа да мәселелерге қатысты арыз-шағымдарды қарайды.
"Нашақорлар мен бұрын сотталған азаматтардың да тәртібін учаскелік полиция қызметкері қадағалайды. Бүгінгі таңда олардың есебінде 100 мыңға жуық азамат бар", – деді комитет төрағасы.
Мұрат Баймұқашевтің баяндауынша, учаскелік инспектордың көмекшісі мәртебесі заң бойынша бекітіліп жатыр.
"Заңнамалық түзетуді қабылдау учаскелік полиция институты жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", – деді ол.
Мұрат Баймұқашевтің сөзінше, учаскелік полиция қызметкерінің жұмыс жүктемесін жеңілдетуен жөн.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс пен ішкі істер органдары туралы заңға енгізілетін түзетулер парламенттің қарауында жатыр. Заң кезекті сессияда қабылдануға тиіс", – деді комитет төрағасы.
Қанат Махамбет