Учаскелік полиция көмекшілерінің жалақысы 58%-ға дейін өседі

1534

23 мың тәртіп сақшысы тұрғын үй үшін өтемақы алады.  

Учаскелік полиция көмекшілерінің жалақысы 58%-ға дейін өседі Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Сенаттағы полиция қызметіне қатысты Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

"Бүгінде салада кадр дайындау мәселесіне ерекше мән беріліп отыр. Қазіргі кезде 12 оқу орнының 6-ы қалды. Яғни, Алматы, Қарағанды, Қостанай академиялары, Ақтөбе заң институты, Шымкент пен Павлодардағы оқу орындары. Алматы академиясында тағы 2 факультет ашылды. Онда басшылар мен орта буын басшыларын даярлайды", - деді ведомство басшысы. 

Ерлан Тұрғымбаев баяндамасы барысында қызметкерлердің жалақысы да өсітінін айтты. 

"2021 жылдан бастап учаскелік полиция көмекшілері, сержанттар, кинологтар, күзет және басқа қызметкерлердің жалақы өседі. 3 жыл ішінде 15%-дан 58%-ға дейін көтеріледі. Өзге қызметкерлердің айлығы осы кезеңде 30%-ға өседі. Сонымен қатар 23 мың қызметкер тұрғын үй үшін өтемақы алады", - деді Ішкі істер министрі.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу