UCI 2021 жылғы "Тур-де-Франс" додасы мерзімінен бұрын өтетінін мәлімдеді

543

Жарыс Токио Олимпиадасымен тұспа-тұс келмеуі үшін ұйымдастырушылар осындай шешім қабылдаған.   

UCI 2021 жылғы "Тур-де-Франс" додасы  мерзімінен бұрын өтетінін мәлімдеді

Халықаралық велосипедшілер одағы (UCI) 2021 жылғы Тур-де-Франс көпкүндігінің өткізілу мерзімін өзгертетінін мәлімдеді, деп хабарлайды olympic.kz сайты.

Алғашында 2-25 шілде аралығына жоспарланған "Тур де Франс" бәсекесі енді 26 маусым мен 18 шілде аралығында өтеді. Ал Токио Олимпиадасындағы велоспортшылар додасы 24, 25 және 28 шілдеде ұйымдастырылады. 

Келесі жылы "Вуэльта" бәсекесі бір апта бұрын басталатыны да хабарланды. 

Айта кетелік, коронавирус індетінің белең алуына байланысты Халықаралық Олимпиада комитеті мен Токио ойындарын ұйымдастырушылар жазғы Олимпиада ойындарын 2021 жылға ауыстырды.   
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу