УЕФА Астанада көпсалалы футбол кешенін салып жатыр

757

УЕФА Астанада көпсалалы футбол кешенін салып жатыр

Қазақстанның футбол федерациясы елде футболды дамытуға жаңа жоспарлар құрып, оны орындауда УЕФА HatTrick бағдарламасының қолдауын алуда, деп жазады naryk.kz.

Қазіргі таңда Алматы футзалдан УЕФА кубогының ақырғы кезеңіне қатысуда. Алматының “Қайраты” соңғы төрт маусымда екі рет футзалдан еурокубокты алғаны белгілі.

Сонымен қатар, үлкен футбол да Қазақстанда ақырындап дамуда.

Наурыз айында УЕФА HatTrick жобасы комитеті Қазақстан Футбол Федерациясының жаңа жобасын мақұлдады. Жоба бойынша, Астанада көппрофильді ұлттық футбол кешені салынбақ.

“Осы жобаға қолдау көрсеткені үшін УЕФА-ға алғыс айтамыз. Бұл біздің футболымыздың дамуына серпін береді”, – дейді федерация президенті С.Байшақов.

Жобаның мақсаты екеу. Бірі – ҚФФ және Қазақстанның кәсіби футбол лигасы (КФЛ) жаңа штаб пәтерін салу.

Екіншісі -төбесі жабылатын жаңа толықкөлемді арена салу. Онда жасөспірімдер мен әуесқойлар жарысы ұйымдастырылмақ.

Жаңа орталық Есіл өзенінің жағасына салынуыда. Құрылыс 2018 жылдың қаңтарында аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу