УЕФА өкілі Қостанайдың Орталық стадионын тексерді

584

УЕФА өкілі Қостанайдың Орталық стадионын тексерді

"Тобыл" футбол клубының негізгі стадионының 2018/19 жылғы еуропалық клубтық жарыстар ойындарын қабылдауға дайындығы тексерілді, деп хабарлайды  prosports.kz.

Стадионды УЕФА-ның арнайы өкілі, ағылшын Марк Блэкберри қадағалады. Спорттық нысанды тексеру жұмыстарына Қостанай қаласының әкімі Базыл Жақыпов та қатысты.

Марк Блэкберри Орталық стадионның УЕФА Еуропа Лигасының іріктеу турнирінің ойындарын қабылдауға жарамды екенін мәлімдеді. Алайда, УЕФА делегатының қорытынды шешімі кейін жарияланады.

УЕФА инспекторы қайта жаңартылған Орталық стадионның инфрақұрылымына оң баға бере отыра, бірқатар ескерту де жасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу