УЕФА Еуро-2024 бойтұмарын таныстырды

382

Бұл жолы турнирдің басты нышаны үлкен қоңыр аю болмақ. 

УЕФА Еуро-2024 бойтұмарын таныстырды Фото: reuters.com

Германияда футболдан Еуропа-2024 чемпионатының ресми бойтұмары таныстырылды. Турнирдің басты нышаны болып үлкен қоңыр аю бекітілген, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

УЕФА жаңа бойтұмар Еуропадағы барлық балаларды белсенді болуға үйретеді және футболға деген махаббатын арттырады деп сенеді.

Енді бұл аюға ұсынылған 4 аттың біреуін таңдауға атсалысу керек. Сауалнама 2 апта бойы УЕФА сайтында жүргізіледі.  Альберт, Бернардо, Бернхардт және Херци фон Бер деген 4 нұсқа бар.

Естеріңізге сала кетейік, ЕУРО-2024 Германияның 10 қаласында 14 маусым-14 шілде аралығында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу