UEFA "Ливерпуль" командасының жанкүйерлеріне өтемақы төлейтін болды

489

UEFA ресми сайтында 2022 жылғы Чемпиондар лигасының финалындағы қолайсыздықтар үшін Англияның "Ливерпуль" командасының жанкүйерлеріне өтемақы төлеу туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

UEFA  "Ливерпуль" командасының жанкүйерлеріне өтемақы төлейтін болды Фото: inbusiness.kz

Финалдық сайыс 2022 жылдың 28 мамырында Франция астанасы Париж қаласындағы "Стад де Франс" стадионында өткізілді. Англиялық клуб Испанияның "Реал Мадрид" клубымен шеберлік байқасты.

Ойын басталар алдында жанкүйерлер тарапынан тәртіпсіздік тіркелді. Осыған байланысты кездесу 36 минутқа кешіктірілді. UEFA мен Францияның ішкі істер министрі оған себепші ретінде "Ливерпуль" жанкүйерлерін айыптады.

Кейіннен аталған ұйым оқиғаға байланысты ұйымның өзі жауапты екенін атап өтті.

7 наурызда UEFA "Ливерпульдің" 19 618 жанкүйеріне өтемақы төлейтінін мәлімдеді. Өтемақыны жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-ге дейін стадионға кіре алмаған және "Стад де Франсқа" мүлде жете алмағандар алады. Сондай-ақ, оған "Реал Мадрид" жанкүйерлері мен аренаға кіруде қиындыққа тап болған бейтарап жанкүйерлер де қол жеткізуіне мүмкіндігі бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу