УЕФА ойындары Шымкентте өтеді

884

УЕФА ойындары Шымкентте өтеді

Осы жылы футболдан Қазақстан чемпионаты мен Еурокубок ойындары Шымкентте өтіп жатыр. Себебі шаһардағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион толығымен жаңғыртудан өткен, деп хабарлайды 24.kz.

Мәселен, мұндағы ескі шамдар орнына заман талабына сай жарық шамдар орнатылған. Италияда жасалған қуаттылығы 1 мың 800 ватты құрайтын құрылғының арқасында енді аяқдоп шеберлері ойындарын еуростандарт бойынша түнде де өткізе алады. Облыстық бюджеттің қаржысына алынған жарық шамдарға 204 мЛн теңге жұмсалды. Футболшылардың киім ауыстыру орны да халықаралық талапқа сай жабдықталған. "Ал бір айдан соң алаңдағы дыбыс күшейткіш құралдарын ауыстыру да жоспарда бар", – дейді стадион басшылығы. Оған 75 млн теңге қаражат қаралған.

Естеріңізде болса, еліміздің Футбол федерациясы бір кездері  стадионда жарықтың нашарлығынан Еуролига және премьер-лига ойындарын өткізуге тыйым салған болатын.

"ФИФА-ның талабы бойынша стадионда жарық болуы керек. Сол жарық қазіргі таңда орнатылып қойылды. Мәскеуден оған арнайы комиссия шақыртылып, сол кісілер 2 күн түнімен жарықты қойып, футболшылардың көзіне шағылыспауына мән беріп, шешім шығарып, сертификатын берді. Футбол федарациясы басшылары жоғары баға беріп,  яғни футбол алаңына "5" деген баға алған жайымыз бар", - дейді Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадион директорының бірінші орынбасары  Құрманбек Ордабаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу