ҰЭМ ғимаратты жалға берушілерді салықтан босатудан бас тартты

647

Жауапты орган бизнесмендердің корпоративтік табыс салығы мен қосымша құн салығын уақытша төлемеу туралы ұсынысын қабылдаған жоқ. 

ҰЭМ ғимаратты жалға берушілерді салықтан босатудан бас тартты

Ғимаратты жалға беретін кәсіпкерлерді бірқатар салық түрінен босатуға рұқсат берілген жоқ. Мұндай шешімді Ұлттық экономика министрлігі шығарды, деп хабарлайды Atameken Business. 

Жауапты орган бизнесмендердің корпоративтік табыс салығы мен қосымша құн салығын уақытша төлемеу туралы ұсынысын қабылдаған жоқ. Сондай-ақ кәсіп иелері жыл соңына дейін жер салығынан да босатуды сұраған.

Жылжымайтын мүлік саласындағы басқарушы және сервистік компаниялар қауымдастығының басшысы Қайрат Көкенов, егер рұқсат етілген жағдайда, кәсіпкерлер бизнес-орталықтарындағы жалдау құнын 50 пайызға дейін төмендететінін айтқан.

Десе де Ұлттық экономика министрлігі кәсіпкерлерді 1 қазанға дейін мүлік салығынан босатуы мүмкін. Бұл мәселе алдағы уақытта әлі талқыланатын болады.

Карантин кезінде ғимаратын жалға беретіндер 20 млрд теңгеге шығынға батқан көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу