ҰЭМ Мемлекет міндеттемелерді басқару департаментінің директоры тағайындалды

351

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. 

ҰЭМ Мемлекет міндеттемелерді басқару департаментінің директоры тағайындалды Фото: ҰЭМ

Маханбет Мыңбаев ҚР ҰЭМ Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры болып тағайындалды.

Мыңбаев Маханбет Бақытжанұлы 1990 жылы дүниеге келген. 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетін 2012 жылы бітірді. Сондай-ақ Тұран-Астана университетінде білім алған. 

Еңбек жолын Астана қаласы Кәсіподақтар кеңесінің маманы болып бастады.

  • 2013-2014 ж.ж. - "Нұр Отан" партиясының Астана қалалық филиалында консультант болып істеді. 
  • 2014-2015 ж.ж. - ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Бақылау-қадағалау қызметін жоспарлау және ұйымдастыру басқармасының сарапшысы, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Заң қызметі басқармасының сарапшысы.
  • 2015-2018 ж.ж. - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Заң департаментінің сарапшысы, бас сарапшысы.
  • 2018-2020 ж.ж. - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Заң департаментінің Құқықтық сараптама басқармасының басшысы. 
  • 2020-2023 ж.ж. - ҚР Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің Реттеушілік саясат басқармасының басшысы, Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті директорының орынбасары.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу