Екі вице-министр тағайындалды

853

Екі вице-министр тағайындалды

ҚР үкіметінің қаулысымен Мәдина Серікқызы Жүнісбекова ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Сондай-ақ Дана Бейсенқызы Жүнісова да ұлттық экономика вице-министрі қызметіне келді. Бұған дейін вице-министр лауазымында болған Бауыржан Бекешев басқа жұмысқа ауысуына байланысты, қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Мәдина Жүнісбекова Алматы қаласында дүниеге келген. М. В. Ломоносов атындағы ММУ, Париж I Пантеон – Сорбонна университетін, Пантеон – Ассас университетін тәмамдаған. "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты.

Еңбек жолын 2010 жылы бастаған. 2010 – 2012 жылдары коммерциялық секторда жұмыс істеген. 2012 – 2014 жылдары ҚР президенті әкімшілігінің басшысы хатшылығының инспекторы лауазымын атқарған. 2014 жылы — ҚР премьер-министрінің кеңесшісі. 2014 жылғы маусым айынан бастап қазіргі таңға дейін ҚР премьер-министрі кеңсесінің ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі қызметін атқарған. "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Дана Жүнісова 1985 жылы мамыр айында Целиноград қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист.

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған. 2003–2011 жылдары "ҚТЖ" ҰК" АҚ, "Астана–Финанс" АҚ, "2011 жылғы 7-қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы" АҚ жұмыс істеген. 2012–2013 жылдары — "Құлагер ҚК" ЖШС жобаларды басқару департаментінің менеджері, "Атамекен" Одағы" ҚҰЭП тариф қалыптастыру департаменті директорының орынбасары. 2013 жылғы қазан айынан бастап қазіргі таңға дейін "Атамекен" ҚР КҰП басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу