ҮЕҰ 2500-ге жуық азаматқа тегін заң көмегін көрсетті

440

Түрлі істер мен басқа да өтініштер аясында заңсыз төленген 250 млн теңгеден астам қаражат бюджетке қайтарылды.

ҮЕҰ 2500-ге жуық азаматқа тегін заң көмегін көрсетті Фото: ortcom.kz

ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дидар Смағұлов Үкіметтік емес ұйымдағы қоғамдық бақылаудың нәтижелеріне тоқталды, деп жазады inbusiness.kz.

"Ұйым жеке қорлар есебінен қызмет атқаруда. Бүгінгі таңда еліміздің барлық өңірлерінде филиалдарымызды аштық, өткен жылы 2500-ге жуық азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді, ұйымға 5000-нан астам өтініш келіп түсті. Олардың көпшілігі объектілерді салу және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлыққа деген күдікпен байланысты болды. Былтыр 20 млрд теңгеден астам сомаға 1000-нан астам тәуекелді сатып алуды анықтадық. Шенеуніктер сатып алуды жоғары бағамен жүзеге асыруға тырысқан жағдайлар жиі кездеседі. Жалпы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2022 жылы мемлекеттік сатып алулар бойынша 29 млрд теңгеден астам қаражат үнемдей алса, олардың ішінде 2,1 млрд теңгеден астамы біздің күшімізбен бірге анықталды", – деді спикер.

Анықталған бұзушылықтардың ішінде көп бөлігі тәртіптік және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған мемлекеттік сатып алу рәсімдерін бұзу болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша 183 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Смағұловтың айтуынша, әр түрлі лауазымдағы басшыларға қатысты 122 млн теңгеден астам сомаға айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 517 хаттама жасалды, олар бюджетке өз еркімен төленді. 2022 жыл ішінде 42 қылмыстық іс тіркелді, олардың көпшілігі сыбайлас жемқорлық сипатында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу