ҮЕҰ арасындағы әлеуметтік байқаудың қорытындысы жарияланды

759

ҮЕҰ арасындағы әлеуметтік байқаудың  қорытындысы жарияланды

Қоғамдық даму министрлігінен 6 ауылдық ҮЕҰ-ға кіші гранттар табысталды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Астанада Astana AgroForum 2018 аясында ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдарының даму мәселелері бойынша республикалық конференция  өтуде.

"Ауылдағы азаматтық қоғам мен ҮЕҰ дамуы" пленарлық отырысында негізгі спикерлер ретінде ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев, қоғамдық даму вице-министрі Сергей Коновалов, Қазақстанның азаматтық альянсының президенті Асылбек Кожахметов, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері сөз сөйледі.

Конференция аясында ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Қазақстанның азаматтық альянсы" ЗТБ ұйымдастырған ауылдық ҮЕҰ арасындағы әлеуметтік байқаудың  қорытындысы жарияланды.

Дауыс беру жасырын түрде өтті және жеңімпазды анықтауға кез келген азамат қатыса алды. Ең көп дауыс жинаған алты жоба  кіші гранттарға ие болды.

Сонымен қатар, Astana AgroForum 2018 аясында ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі мен "Қазақстанның азаматтық альянсы" ЗТБ арасында өзара түсіністік, серіктестік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат агроөнеркәсіптік кешенінің даму мәселелерінің кең ауқымы бойынша ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу