ҮЕҰ арналған гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды

444

Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша конкурсқа өтінімдер қабылдау аяқталды.  

ҮЕҰ арналған гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды Фото: Inbusiness.kz

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығына 95 ҮЕҰ-дан жалпы саны 117 өтінім түсті деп, жазады inbusiness.kz тілшісі.

93 өтінім қысқа мерзімді гранттар бойынша болса, 24-і орта мерзімді гранттар алуға түскен.

Бір орта мерзімді грантқа "инклюзивті қоғамды дамыту" бағыты бойынша 9 өтінім түссе, "ауылда азаматтық бастамаларды дамыту" бағыты бойынша 15 өтінім түскен.

Сонымен қатар қысқа мерзімді гранттарға да сұраныстың артқаны анық байқалады: инклюзивті қоғамды дамыту жобалары бойынша 45 өтінім түссе, ауылда азаматтық бастамаларды дамыту бағыты бойынша 48 өтінім түскен.

Айта кетейік, 2024 жылғы бірінші мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен өтуде. Конкурстың басты мақсаты – халықтың тұрмыстық өмірін жақсартуға бағытталған азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешуге қоғамды тарту.

Орталықтың жауапты мамандары бес жұмыс күні ішінде өтінімдердің берілген талаптарға сәйкестігін тексереді. Одан кейінгі 10 жұмыс күні ішінде сарапшы комиссия конкурстың жеңімпаздары туралы шешім қабылдайды. Шешім комиссия отырысына қатысқан мүшелердің көпшілік дауысымен қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу