ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыға өтінім қабылдау жалғасып жатыр

148

Сыйлықақы әлеуметтік маңызы бар 16 сала бойынша беріледі. Бір салаға арналған сыйлықақы мөлшері – 2000 АЕК.  

ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақыға өтінім қабылдау жалғасып жатыр Фото: gov.kz

Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға арналған жыл сайынғы сыйлықақы беру байқауына өтінім қабылдау жалғасып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Байқаудың мақсаты – үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін нығайту және қоғамдық маңызы бар жобаларды іске асыруға ынталандыру үшін институционалдық қолдау көрсету.

Кейінгі 9 жыл ішінде бұл сыйлықақы 558 үкіметтік емес ұйымға табысталды. Жыл сайын олардың қатарында аудандар мен ауылдық елді мекендердің дамуына үлес қосып жүрген 10-ға жуық ауылдық үкіметтік емес ұйым бар.

Егер ұйымыңыз қоғамдық бастамаларды жүзеге асыруға белсенді қатысып, өз саласында нәтижелі жұмыс атқарып, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге үлес қосып жүрсе, сіздерді үздік үкіметтік емес ұйымдарды анықтауға арналған байқауға қатысуға шақырамыз.

Өтінім қабылдау 2026 жылғы 1 қыркүйекте сағат 18:30-да (Астана уақытымен) аяқталады.

Қосымша ақпарат бойынша мына телефондарға хабарласуға болады:

  • 8 (7172) 74-07-41
  • 74-09-97, 74-02-17.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу