ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар конкурсына өтінімдер жаңа ережелерге сәйкес қабылданады

500

Қысқа мерзімді және орта мерзімді гранттарға өтінімдер 1 ақпанға дейін, ал ұзақ мерзімді гранттарға 15 ақпанға дейін қабылданады.  

ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар конкурсына өтінімдер жаңа ережелерге сәйкес қабылданады Фото: ortcom.kz

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурсқа өтінімдер қабылдай бастады, деп жазады inbusiness.kz.

"Биылдан бастап ҮЕҰ-дан өтінімдерді гранттар берудің жаңа ережелеріне сәйкес қабылдаймыз. Гранттың түріне қарай қаржыландыру көлеміне, іске асыру мерзімдеріне, ҮЕҰ үшін конкурсқа қатысу шарттарына, есептілікке қойылатын әртүрлі талаптарға сәйкес айқындалады. Қысқа мерзімді гранттарды іске асыру мерзімі – 3 айдан 12 айға дейін, орта мерзімді гранттарда – 1 жылдан 2 жылға дейін, ал ұзақ мерзімді гранттарда 2 жылдан 3 жылға дейін жүзеге асырылады", - деді орталықтың басқарма төрағасы Ғалым Құрман Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

2023 жылға арналған ҮЕҰ-ға республикалық бюджеттен бөлінген гранттардың жалпы сомасы 1 млрд 292 млн теңгені құрайды.

"Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурсқа өтінімдерді қабылдауды бастады. ҮЕҰ-ға арналған гранттар азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында беріледі. Биыл ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысына сәйкес 47 грант, оның ішінде 22 қысқа мерзімді, 16 орта мерзімді және 9 ұзақ мерзімді жоба іске асырылатын болады", - деп хабарлады спикер.

6 сала бойынша конкурс жарияланды:

  1. халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
  2. азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға көмектесу;
  3. азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қорғау;
  4. қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту;
  5. жастар саясаты және балалар бастамаларын қолдау;
  6. отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге көмектесу.

Ақпаратқа сәйкес, барлық өтінімдер grants@cisc.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады. Бұдан бөлек операторға құжаттарды қолма-қол тапсыруға да болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу