Уфада Мәскеуден Астанаға ұшқан ұшақ шұғыл түрде қонды

176

Мәскеуден Астанаға ұшқан ұшақ экипаж мүшелерінің бірінің денсаулығының нашарлауына байланысты Уфа әуежайына мәжбүрлі түрде қонды. 

Уфада Мәскеуден Астанаға ұшқан ұшақ шұғыл түрде қонды Фото: РБК

Бұл туралы РИА Новости әуе айлағының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып жазады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Желіде Мәскеу-Астана рейсінің ұшқышының жүйке жүйесі сыр бергені туралы ақпарат пайда болды, соның салдарынан борт мәжбүрлі түрде қонды.

"Бұл рейс Уфа әуежайында экипаж мүшесінің денсаулығының нашарлауына байланысты отырғызылды. Авиакомпания қызметкеріне қажетті медициналық көмек көрсетілді", - деді әуежайда.

Ұшақ бір сағаттан кейін межелі әуежайға ұшып кетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу