Осы аптада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) ең ірі MMA оқиғасы - осы жылдың соңғы UFC турнирі өтеді. UFC 296 шарасы аясында жеңіліп көрмеген қазақстандық жартылай ауыр салмақтағы Шавкат Рахмонов әлемнің ең үздік лигасында жұдырықтасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Vesti порталына сілтеме жасап.
Турнир Астана уақытымен 17 желтоқсан, жексенбі күні таңертең өтеді. Рахмонов пен Томпсон арасындағы текетірес маңызы жағынан үшінші болады және ол АСтана уақытымен шамамен сағат 10:00-де басталады.
Қазақстандықтар жерлесінің жекпе-жегін Setanta Sports 2 арнасынан тамашалай алады. Тікелей эфир негізгі кардтың бірінші жекпе-жегінен қосылады, Астана уақытымен сағат 9:00-де. Шараның негізгі бөлігінде көрермендерді барлығы бес жекпе-жек күтіп тұр.
Турнир сондай-ақ ресейлік "Матч ТВ" (тек негізгі кард сағат 9:00-ден бастап) және "Матч! Боец" арнасынан көрсетіледі (барлық турнир 5:00-ден бастап).