Ухань билігі короновирусты таратпау үшін көлік қатынасын тоқтатпақшы

1051

Қытайда 17 адам қайтыс болып, ауруды жұқтырған 570 оқиға тіркелді.

Ухань билігі короновирусты таратпау үшін көлік қатынасын тоқтатпақшы

Бейсенбі күні короновирус тарауынан жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-ден  бастап  Қытайдың Ухань  қаласымен көлік қатынасы тоқтатылды, деп хабарлайды Bloomberg қалалық  билікке сілтеме жасап.   

Сондай-ақ хабарламада жергілікті әуежай жабылып, темір жол қатынасы тоқтатылатыны айтылған. Сонымен қатар қалалық қоғамдық көлік те жұмыс істемейді.          

Қолда бар мәліметтерге сүйенсек, тап қазіргі уақытта Қытайда 17 адам қайтыс болған. Ауруды жұқтырған 570 оқиға тіркелген. 

Қытайдың бірнеше провинциясынан басқа вирус Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ-қа  тараған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу