Ухань қаласындағы қазақстандық студенттер көмек сұрайды

1642

Ол жерде 200-ден астам қазақстандық білім алуда.

Ухань қаласындағы қазақстандық студенттер көмек сұрайды

Коронавирус ошағы – Ухань қаласындағы қазақстандық студенттер көмек сұрайды. Себебі оларға елге қайтуға шектеу қойылған, деп хабарлайды Atameken Business.

Айтуларынша ол жерде 200-ден астам қазақстандық білім алып жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Ухань қаласына кіріп-шығу қатаң шектелген. Барлық бұқаралық-іс шаралар тоқтатылған. Әуежайлар мен қоғамдық орындарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Қаңтардың соңында анықталған короновирус қазіргідей өршиді деп ешкім ойламаған. Біздің елдің студенттері де бастапқыда еш алаңдамапты. Бұл туралы сол елде білім алып жатқан студент арнаға берген сұхбатында айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу