Ухань тұрғындарының барлығына Covid-19 тесті жүргізіледі

752

Шара 10 күнде жүзеге асырылады.

Ухань тұрғындарының барлығына Covid-19 тесті жүргізіледі

Коронавирус инфекциясының ошағы болып саналатын Қытайдың Ухань қаласындағы жедел штаб шаһар тұрғындарының барлығын скринингтен өткізеді. Медициналық шара он күн ішінде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл туралы CGTN басылымы хабарлады.

Қалада соңғы рет 4 сәуірде вирус жұқтыру фактісі тіркелген болатын. Алайда 9 мамырда тағы да бірнеше адамның ауруға шалдыққаны анықталды. Осы орайда билік халықты түгелдей тексеру туралы шешім қабылдады.

8 сәуірде Қытай билігі 76 күнге жабылған Ухань қаласының тұрғындарына шаһардан шығу және басқалардың кіруіне рұқсат берген еді. Пандемия басталғалы бұл қалада 50 мыңнан астам адам вирусты жұқтырса, оның 4 мыңға жуығы қайтыс болды. Ескере кететін жайт, мұндағы халық саны шамамен 11 миллион. 

Джонс Хопкинс Университетінің соңғы дерегіне сүйенсек, әлемде ауруға шалдыққандардың саны 4,1 миллионнан асып, қаза тапқандардыкі 285 мың болды. Оның 1,45 миллионы ем-дом қабылдап жазылған.

Табиғат Нұрболат

Фото: cgtn.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу