Уханьда 2020 жылдан бері алғаш рет COVID-19 тіркелді

734

Коронавирус 2019 жылдың соңында осы қалада тіркелген еді.

Уханьда 2020 жылдан бері алғаш рет COVID-19 тіркелді Фото: reuters.com

Коронавирус індеті басталған Қытайдың Ухань қаласында 2020 жылдан бері алғаш рет COVID-19 дертін жұқтыруы фактісі тіркелді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Global Times сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті билік жалпы қалалық тестілеуді өткізуге дайын. Қала әкімшілігі жұқтыру фактісі тіркелген ауданды жауып, оқу орындары жұмысын тоқтатты. Денсаулық сақтау қызметі мұғалімдер мен студенттерді вакцинациялау процесін жеделдетті. Кейбір метро станциялары жабылып, жолаушылар қайтадан бетперде киіп, температураны өлшей бастады.Қаланың ірі супермаркеттері азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін және қазіргі бағаны сақтау үшін азық-түлік қорын толықтырып жатыр. 

Алғаш рет COVID-19 дерті 2019 жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында тіркелді. 2020 жылғы 11 наурызда ДДСҰ індетті пандемия деп жариялады. 

Еске сала кетсек, бұған дейін ДДСҰ сарапшылары COVID-19 себебін анықтау үшін Уханьға сапарлай барған еді. Ұйым жариялаған құжатқа сәйкес, коронавирус Ухань зертханасынан тараған болуы мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу