Уханьда қалған қазақстандық студенттер елге қашан қайтады?

1510

Карантиндік аймақта қазақстандық студенттер қалды деген дерек бар.

Уханьда қалған қазақстандық студенттер елге қашан қайтады? Фото: aikyn.kz

Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшин коронавирустың ошағы деп танылған Ухань қаласында қазақстандық студенттер бар деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. 

"Қытайдың ресми мәліметі бойынша Ухань қаласында карантин жарияланған. Яғни ешкім шықпайды, ешкім кірмейді деген сөз. Сондықтан ол қалада қалған қазақстандық студенттер әзірге елге қайтарылмайды. Сыртқы істер министрлігі, өзге де жауапты органдар жалпы Қытайдағы студенттермен байланыс орнату бойынша жұмыс істеп жатыр. Ондағы студенттер қала тұрғындарымен байланыста болғандықтан, Қазақстанға толық емделгеннен кейін ғана қайтуы керек. Эпидемиологиялық талап осындай. Сондықтан қазір оларды карантиндік аумақтан алып шығару туралы мәселе қаралып жатқан жоқ", – деген Жандарбек Бекшин өзінің басынан да мұндай жағдай өткенін есіне алды.

"Ондай жағдай кезінде жеке өз басымда да болған. Құрылыс жасағында жүргенмін. Біз жұмыс істеп жүрген елді мекенге карантиндік шектеу қойылған еді. Ол кезде африкалық шошқа обасы тараған болатын.  Сондағы студенттермен бірге елді мекеннен шыға алмай қалғанбыз", – деді ол. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу