Уханьдағы коронавирус: азиялық биржадағы жағдай мәз емес

1703

Егер індет кеңінен таралып кетсе, "қара алтын" құны 3 долларға арзандауы ықтимал.

Уханьдағы коронавирус: азиялық биржадағы жағдай мәз емес

23 қаңтарда Қытай мен басқа да азиялық сауда алаңдары төмен көрсеткішке ие болды. Бұған коронавирус түрткі. "Ухань пневмониясының" таралуы инвесторлардың үрейін ұшырып отыр. 

Соңғы мәліметтерге қарағанда, әлем бойынша вирусты жұқтырғандардың саны 574-ке жетіп, Қытайдағы Хубей провинциясының 17 тұрғыны қаза тапқан. 

Шанхай биржаларындағы индекс – 0,8%,  Шэньчжэнь индексі – 1,19%,  SZSE Component –1,5%, Shanghai Composite 1,5% жоғалтып отыр. Гонгконгтық Hang Seng индексі 1,17%-ға төмендеді. 

Оңтүстіккореялық Kospi 0,48%, ал австралиялық ASX 200 0,6% кеміді. 

Кей сарапшылардың болжамынша, Қытайдан тарап жатқан коронавирустан әлемдік экономикаға келетін залал сауда соғысынан да зор болуы мүмкін. Қытай экономикасы мен бүкіл Азия аймағы үшін бұл коронавирустың салдары 2003 жылғы пневмониядан да орасан болады деген пікірлер бар.

Қазір әлемдік биржалар құбылып, әуе компаниялары, казино және бағалы зат сататын компаниялардың акциялары арзандап жатыр. Вирус мұнай нарығына да әсер етіп отыр. Goldman Sachs инвестициялық банкінің болжамынша, егер індет кең таралып кетсе,  "қара алтын" құны 3 долларға арзандауы ықтимал. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу