Үй айналасында жүгіруге шыққандар жазалана ма?

939

Әділет министрлігі карантиннің күшейтілген талаптарын түсіндірді.  

Үй айналасында жүгіруге шыққандар жазалана ма?

Үйдің айналасында жүгіру пәтерден шығуға рұқсат етілген себепке жатпайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әділет министрлігінің заңнамалар департаментінің директоры Олжас Данабеков айтты.

"Үйдің айналасында жүгіруге шығу заңды рұқсат етілген себепке жатпайды. Біз қандайда бір спорт түрімен шұғылдану үшін далаға шықпауды сұраймыз. Сіздер өздеріңізге ғана емес, өзгелерге де қатер төндіресіздер. Осы кеңестерді негізге алуды сұраймыз", – деді Олжас Данабеков.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу