Үй алу үшін 5 мың адамға 2 пайызбен несие беріледі

968

Бұл мақсатқа 49 млрд теңге жұмсалады.

Үй алу үшін 5 мың адамға 2 пайызбен несие беріледі

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың мәлімдеуінше,жобаны тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүзеге асырады. 

"Көпбалалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасыларға жылдық сыйақы мөлшерлемесі 2%-ды құрайтын жеңілдетілген несие беріледі. Бұл мақсатқа 49 млрд теңге жұмсалады. Нәтижесінде 5 мың азамат баспаналы болады", – деді  Қайырбек Өскенбаев.

Айта кетейік, былтыр тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 4 955 адамға 2%-бен 
49,3 млрд теңге қарыз берген. 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу