Үй алуға "көмек" берген алаяқ әйел ұсталды

1218

Жәбірленушінің айтуына қарағанда, келтірілген шығынның жалпы сомасы 4,5 миллионнан астам теңгені құрайды.

Үй алуға "көмек" берген алаяқ әйел ұсталды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полицейлері баспана алуға көмек беремін деп алдап, жергілікті тұрғыннан бірнеше миллион теңгені алаяқтық жолмен жымқырған жас әйелді ұстады, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жәбірленушінің айтуына қарағанда, келтірілген шығынның жалпы сомасы 4,5 миллионнан астам теңгені құрайды.

Болған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша Сарыағаш АПБ СДТБТ тіркеуге алынды. Жедел-іздестіру шарасы барысында полицейлер күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу барысында жинақталған материалдар айыптау актісімен сотқа шешім қабылдау үшін жолданды. Полицейлер ұсталғанның басқа да қылмысқа қатыстылығын анықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу