Алаяқтың құрбаны болған 31 жастағы облыс тұрғыны Қызылорда қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне келіп арызданған. Осы жылдың наурыз айында оған бір азаматша кезектен тыс үй алып беремін деп жұмыс ақысы үшін 2,4 млн теңге ақшасын алған, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бірақ көп ұзамай ақшаны алдап алған әйел телефон қоңырауларына жауап бермей, бүгінгі күнге дейін уәде етілген мәселесі шешімін таппағандықтан, жәбірленуші полицияға арыздануға мәжбүр болды. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 40 жастағы алаяқ әйел қолға түсті.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр.