Үй алып беремін деп алдаған түркістандық тұрғын ұсталды

470

Күдікті жәбірленушіден алдын-ала 85 мың теңге алған.

Үй алып беремін деп алдаған түркістандық тұрғын ұсталды Фото: Polisia.kz

Polisia.kz мәліметінше, Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түскен.

Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы сеніміне кіріп, үш күн ішінде тұрғын үй құжаттарын жасап беремін деген желеумен алдын ала 85 мың теңгесін алған. Алайда арадан біршама уақыт өтсе де, ол жәбірленушіге берген уәдесін орындамаған. Өзінің сан соғып қалғанын түсінген тұрғын, полицияның көмегіне жүгінді. 

Тәртіп сақшылары аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. 

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті әйел адам анықталып, полицияға жеткізілді. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу