"Үй алып беремін": Семейде жұртты ірі көлемдегі сомаға алдаған 56 жастағы әйел ұсталды

84

Ол тұрғындардың ақшасын алып, қайтармаған.    

"Үй алып беремін": Семейде жұртты ірі көлемдегі сомаға алдаған 56 жастағы әйел ұсталды Фото: istockphoto.com

Семей қаласында полиция тұрғын "үй рәсімдеуге көмектесемін" деп уәде берген 56 жастағы алаяқтыққа күдіктіні ұстады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Оның әрекетінен келтірілген жалпы шығын 20 млн теңгеден асты.

Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғандай, 2025 жылдың тамыз айында күдікті әйел азаматтардың сеніміне кіріп, Семей қаласынан тұрғын үй рәсімдеуге көмектесуді ұсынған. Ол пәтерді жеделдетілген тәртіппен алып беруді сылтау етіп, жәбірленушілерден ірі көлемде ақша қаражатын өз банк шоттарына аудартқан.

"Тергеу барысында бірнеше адамның зардап шеккені белгілі болды. Үржар ауданының 32 жастағы тұрғыны алаяққа 8 млн 500 мың теңге аударса, Семей қаласының 55 жастағы тұрғыны 3 млн 250 мың теңгеден айырылған. Сонымен қатар 56 жастағы семейлік тұрғын 9 млн теңге жоғалтқан. Күдіктінің әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын 20 млн теңгеден асты", – делінген хабарламада.

Барлық эпизод бойынша күдікті кінәсін мойындағанымен, ұрланған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсағандықтан ақшаны тәркілеу мүмкін болмаған. Оның әрекеттері ірі көлемдегі алаяқтық бабы бойынша сараланды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу қылмыстың барлық мән-жайы мен ықтимал өзге эпизодтарды анықтауға бағытталған іс-шараларды жалғастыруда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу