2017 жылдың мамыр айында Астана қаласының әкімдігінде баспанаға мұқтаждардың тізімінде тұрған азаматтар үшін мемлекеттік тұрғын-үй қорынан 255 пәтерді үлестірілді. Осыдан кейін Астана қаласының тұрғын-үй басқармасына азаматтар көптеп шағымдана бастады, деп хабарлайды astana.gov.kz.
Шағымданушылардың сөзіне қарағанда, олардың жеке нөмірлеріне пәтерлердің үлестірілуі жөнінде СМС хабарламалар көптеп келе бастаған.
Бұл тұрғыда айта кеткен жөн, жеке нөмірлеріне СМС хабарламалар жіберілген азаматтар шын мәнінде пәтер кезегіне мүлдем тұрмаған немесе олардың пәтер алу кезегі әлі келмеген тұрғындар.
Осылайша ағымдағы жылдың 13 маусымында пәтерлердің кілттерін алуға келген 30-ға жуық азаматтың құжаттары дұрыс емес болып шықты. Атап айтқанда олардың құжаттары Тұрғын-үй басқармасынан берілетін ресми актілерге сәйкес келмейді. Аталмыш басқарманың қызметкерлері кезек бойынша пәтерге ие болғандардың арасында алаяқтардың алдап-арбауына түскен азаматтар тізімде мүлдем жоқ екендігі және оларға "алаяқтық" фактісі бойынша Астана қаласының ішкі істер департаментіне баруларына кеңес берді.
Оған қоса үлестірілген баспанаға ие болған азаматтардың жеке нөмірлеріне мәліметтерді салыстыру үшін пәтерге қатысты келісімшарттың көшірмесін whats’app арқылы жіберуін сұраған. Мәліметтерді салыстыру үшін келесімшарттың көшірмесін сұраған азаматтар өздерін Тұрғын-үй басқармасының қызметкерлері ретінде таныстырған.
Атап өткен жөн, басқарма мұндай мазмұнда СМС хабарлама жіберуімен айналыспайды, келісімшарттың екінші көшірмесі қатаң түрде сақталады және бұл тұрғыда мәліметтерді қайта салыстыру қажеттілігі жоқ.
Азаматтарды барынша сақ болуға шақырамыз, мұндай оқиғаларға ұрынбас үшін ақшалай сыйақыға мемлекеттік бағдарлама бойынша кезексіз пәтер алу жөнінде түрлі ұсыныстарға келіспеулерін сұраймыз.
Алаяқтардың алдап-арбауына түскен, шағымданушы азаматтар Ішкі істер органдарының 71-60-10, 102 телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұраймыз.
Мемлекеттік тұрғын-үй қорынан пәтер алу мәселері бойынша күн сайын дүйсенбі мен жұма аралығында С. Сейфуллин 30 көшесі бойынша орналасқан Тұрғын-үй басқармасына келіп, кеңес алуға болады.
Азаматтар үшін іске асырылып жатқан баспана бағдарламалары жөнінде ресми ақпарат Астана қ. Тұрғын-үй басқармасының ресми сайтында www.uzh.astana.kz жаңалықтар бөлімінде жарияланады.