Үй кезегінде тұрған 353 мың адам қолдауға ие болады

1302

Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов "5-10-20" жобасы жалғасатынын жариялады.

Үй кезегінде тұрған 353 мың адам қолдауға ие болады

"Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жеке инвестиция тарта отырып, тұрғын үй құрылысының жаңа тетігі әзірленеді. Сонымен қатар кредиттік тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғайтылып, "5-10-20" жобасы жалғасады", – деді ол.

Министрдің мәлімдеуінше, жобаны жүзеге асыруға жыл сайын 420 млрд теңге қажет болады. 7 жыл ішінде 2,9 трлн теңге жұмсалады.

"Бұл жыл сайын белгіленген бағамен 35 мың пәтер салуға мүмкіндік береді. Осы тетік арқылы кезекте тұрған 353 мың адам қолдауға ие болады", – деді Бейбіт Атамқұлов.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу