Үй құстарын сақтандыру бағдарламасын әзірлеу керек

806

Сенатор Дүйсенғазы Мусин Премьер-министр Асқар Маминге осындай ұсыныспен шықты.

Үй құстарын сақтандыру бағдарламасын әзірлеу керек

Үй құстарын сақтандыру бағдарламасын әзірлеу керек. Сенатор Дүйсенғазы Мусин Премьер-министр Асқар Маминге осындай ұсыныспен шықты, деп хабарлайды Аtameken Business.

Депутаттың айтуынша, Солтүстік аймақтағы 3 фабрикада 1 млн 128 мың құс қырылып қалған.

Жалпы құс етінің 45 %-ы импорт екенін ескерсек, елімізде отандық тауар қымбаттауы мүмкін. "Оған жол бермеу үшін үй құстарына міндетті екпе керек", – дейді депутат. Сондай-ақ, өлім-жітімге ұшырағандары үшін өтемақы беруді ұсынған депутат субсидияны құстың санына қарамай беру қажет деп есептейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу