Үй жануарларын чиптеу ақылы болады

703

Халықтың әлеуметтік осал топтарындағы азаматтардың үй жануарлары бюджет қаражаты есебінен есепке алынады.

Үй жануарларын чиптеу ақылы болады Фото: gov.kz

Үй жануарларын чиптеу құнын жергілік атқарушы органдар өздерінің шығындарына қарай дербес белгілейді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР Экология министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы Талғат Ердешев айтты.

Үй жануарларын есепке алуды облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Жануарлар иелерінің дербес деректері қамтылатын ақпаратпен жұмыс істеу Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Үй жануарларын есепке алу ережелеріне сәйкес үй жануарларының иесі үй жануарларын есепке алу өнімін (құралын) өз бетінше таңдайды және сатып алады. Оған чиптер, болюстер және басқалар жатады.

Үй жануарларын есепке алу үй жануарларын есепке алу бұйымдарын (құралдарын) пайдалана отырып, ақылы негізде жүргізіледі.

Иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын есепке алу үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

Үй жануарын есепке алу кезінде оған үй жануарларын есепке алу қағидаларында айқындалған тәртіппен үй жануарының жеке нөмірі беріледі.

"Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар, ветеринария саласындағы емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес есепке алынған үй жануарлары туралы ақпарат беруге міндетті.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 30-ынан кешіктірмей, жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы уәкілетті органға үй жануарларын есепке алу қағидаларына сәйкес есепке алынған үй жануарлары туралы ақпарат береді", деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу