Үй жануарларының екпесіне қала бюджетінен 22 миллион теңге бөлінді

1047

Үй жануарларының екпесіне қала бюджетінен 22 миллион теңге бөлінді

Төрт аяқтылардың екпесіне қала бюджетінен 22 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Қайтарымсыз тегін вакцинаны 1 қыркүйекке дейін "Византия" ветеринарлық клиникасында алуға болады. Бүгінге дейін 1 мыңнан астам жануар екпе салдырды, тағы 4 мыңға жуық ит пен мысық егіледі деп күтілуде.

Мамандардың айтуынша құтырманың негізгі таратушысы жабайы түлкі мен атжалмандар. Ветеринарлардың айтуынша, екпені уақытылы жасаса үй жануарларына бұл дерттен қауіп жоқ.

"Астана Ветсервис" ЖШС ветеринария бөлімінің басшысы Ерлан Жекебаевтың айтуынша, құтырмаға қарсы ұдайы әрі тұрақты иммундау аталған кеселдің алдын алуға мүмкіндік беретін бірден-бір шара.

"Жануарларға адамгершілікпен қарау мақсатында әкімдікпен жануарларды зарарсыздандыруға қаржы бөлінді. Кез келген адам жануарларын тегін ектіре алады. Бірақ қазір басқа дәрі Белорусияда шығарылған "Берлап" дәрісі пайдаланылады", - дейді Е.Жекебаев.

Айта кетерлігі, акция жануарларды зарарсыздандыруды да сөздер отыр. Бұл, "Астана Ветсервис" ЖШС директорының Бибол Бегалинның айтуынша, қаңғыбас иттердің көбеюіне тосқауыл қою үшін жасалады.

"Сенбі күнге дейін 1 020 жануар залалсыздандырылды. Бұл бақылаусыз әрі қаңғыбас иттердің көбеюіне тосқауыл қою үшін жасалуда. Ал аулауға қатысты алар болсақ, көрсеткіштің төмендегені байқалады. Алғашқы жылдары 15 000 ит ауласақ, өткен жылы 9 610 ит құрықтадық. Ағымдағы жылы ауланған жануарлардың саны 5 670 құрады", - деді Б.Бегалин.

Аталған қызметті пайдалану үшін жануардың иесі ит пен мысықты тіркеп, зарарсыздандыратын "Астана Ветсервис" ветиринарлық мекемесіне баруы керек. Акция 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу