Сауда және интеграция министрінің орныбасары Қайрат Төребаев әлеуметтік маңызы бар тауарлар құнының өсіп кетуінің алдын алу үшін қабылданатын шаралар жайлы айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Вице-министрдің сөзінше, елде қосылған құн салығы көтерілсе де, бұл салық үй жанындағы дүкендер үшін өзгеріссіз, яғни 4% деңгейінде қалмақ.
"Әзірге құн салығына қатысты шешім қабылданған жоқ. Бірақ әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен үй жанындағы дүкендерге қатысты салық өзгеріссіз қалады. Негізгі ұсыныс бар. Сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы бизнес үшін салық жоқ", – деді Қайрат Төребаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу