"Үй жинауға шақырған": Шымкентте 26 жастағы әйелді 16 жерінен пышақтаған

175

Шымкент қаласында 21 шілдеде үйінен шығып, қайта оралмаған 26 жастағы Дияна Оңғарбаеваның мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Үй жинауға шақырған": Шымкентте 26 жастағы әйелді 16 жерінен пышақтаған Фото: rakisheva_lyazzat

Бұл ақпаратты Lider.kz еріктілері растады.

Полиция аталған дерекке байланысты адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басын анықтап, оны уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Әлеуметтік желілерде тараған кей деректерге сәйкес, марқұм жұмыс іздеу мақсатында белгісіз хабарландыру бойынша үй жинауға кеткені айтылады. Оқиғаның нақты мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

Марқұмның артында екі кішкентай қызы мен жолдасы қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу