Павлодарда көшеде жалғыз жүрген баланың ата-анасы болған жайттың себебін түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты жергілікті басылымға сілтеме жасап.
Ақпаратқа сәйкес, 7 сәуір күні қалалық полицияға Ә.Марғұлан көшесіндегі 104-ші үйдің жанынан табылған баланың ата-анасы жүгінді. Әли есімді бала 5 жаста.
Оның әкесі Абдурауф Расулов отбасы Павлодарға бес күн бұрын көшіп келгенін айтты. Сөзінше, Естай көшесі, 38 мекенжайындағы пәтерді жалға алған.
"Отбасымда сегіз бала бар, мен түнгі ауысымда жұмыста болдым. Балаларым жұбайыммен үйде отырды. Кешке Әлиді үлкен балалармен бірге деп ойлап, ұйықтап қалдым. Таңертең сағат тоғызда жұмыстан оралғанда ұлымның үйде жоқ екенін көрдім. Полицияға қоңырау шалдым. Ұлым орыс тілін білмейді, тек тәжік тілін түсінеді Сондықтан одан не сұрап жатқанын ұқпаған", – деді Абдурауф Расулов.
Полиция жалдамалы пәтерге тексеру жүргізіп, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін заңды өкіл жауапқа тартылды.
Енді ата-анасының әрекеті қалалық кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының отырысында қаралады.