Үйдегі карантин талаптарын сақтамағандар стационарларға орналастырылады

553

Алматыда індеттің таралу көрсеткіші 4,2%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді. 

Үйдегі карантин талаптарын сақтамағандар стационарларға орналастырылады

Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар және көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында мәлімдеді. 

"Осы уақытқа дейін Алматыда коронавирустық инфекцияның 12997 жағдайы тіркелді. 7897 расталған симптоматикалық, 5110 симптомсыз жағдай тіркелді. Күнделікті инфекцияның өсу көрсеткіші 4,2%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді", – деген шаһардың бас мемлекеттік санитар дәрігері үйдегі карантинде отырған науқастарға тоқталды. 

"Қалада қатаң шектеу шалары енгізілген. 1300-ге жуық адам инфекцияның жеңіл түрі және белгілері жоқ түріне шалдыққан. Олар қазір үйдегі карантинде. Бірақ үйдегі оқшаулану талаптарын бұзған азаматтар да бар. Мәселен, 200 осындай науқасқа мониториг жүргізу барысында оның 20-сы аталған талаптарды сақтамағаны анықталды. Олар ауру тасымалдаушылар әрі ең қауіпті науқастар болып есептеледі. Бұған тосқауыл болу үшін, қала тұрғындарының шағымдары бойынша 3 тамыздан бастап оларды карантиндік стационарларға орналастыру керек деген шешімге келдік. Санаулы күннің ішінде 18 адам "Көктем" шипажайындағы стационарға орналастырылды. Бірақ бұлардың ішінде өз еркімен келген азаматтар да бар", – деді басқарма басшысы. 

Жандарбек Бекшиннің айтуынша карантиндік стационарлаға үйде оқшаулануға жағдайы жоқ азаматтар немесе жасы үлкен адаммен тұратын науқастар жүгіне алады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу