Үйдегі жанжалдың соңы анасы мен ұлының өлімімен аяқталды

653

Жергілікті әкімдік бұл үйдің тұрмысы бақуатты, бұрын-соңды полиция есебінде тұрмағанын айтады. 

Үйдегі жанжалдың соңы анасы мен ұлының өлімімен аяқталды

Кеше түнде Ақтөбе қаласында қайғылы жағдай болды. Үйде болған ұрыс-керістен кейін 1957 жылы туған зейнеттегі әйел адам асылып қалған. Оны көрген ұлы өз-өзіне пышақ салып, сол жерде жантапсырған.

Өзіне қол салған ер адамның жасы 28-де, мұнай компаниясында жұмыс істеген. Бұрын үйленіп ажырсақан ол қайтадан шаңырақ көтергелі жүрген екен.

Қайтыс болған әйелдің  64 жастағы күйеуі және бөлек тұратын тұңғыш қызы бар. Жергілікті әкімдік бұл үйдің тұрмысы бақуатты, бұрын-соңды полиция есебінде тұрмағанын айтады. Соңы екі адамның өлімімен аяқталған ұрыстың неден шыққаны әзірге белгісіз. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу