Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ғалымдармен бірге үйден ем алушылар мен амбулаторлық түрде емделіп жатқан науқастарға берілетін дәрілердің тізіміне тоқталды.
"Қазір бұл дәрілердің тізімін талқылап жатырмыз. Негізінен ол антикогулянттар, ыстық түсіретін құралдар, антибиотктер болады. Қазір тізімін жасақтап жатырмыз. Жағдайы жеңілірек науқастар дәрігердің бақылауымен осы дәрілерді қолданатын болады. Қазір комиссия талқылап жатыр. Дәрілер тобы белгілі. Енді нақты аталымдарды біздің ғалымдар пысықтап жатыр. Осымен бірге фабрикаларға осы топтағы дәрі-дәрмекті жедел жеткізу бойынша хат жолдап жатырмыз", – деді ол.
Есжан Ботақара
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу