Үйден істелген жұмыс ақысы айлық еңбекақы көлемінде төленеді – Біржан Нұрымбетов

1641

Жұмыс беруші қызметкерлеріне қашықтықтан жұмыс істеуге жағдай жасауға міндетті.

Үйден істелген жұмыс ақысы айлық еңбекақы көлемінде төленеді – Біржан Нұрымбетов

Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов төтенше жағдай режимі кезінде үйден жұмыс істейтін адамдардың айлығы қалай төленетінін түсіндірді. 

"Бүгінгі таңда барлық кәспорындар, мекемелер егер қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі болса, қашықтықтан жұмыс режиміне көшуге міндетті. Бұл Еңбек кодексінің 138 бабымен реттеледі. Қашықтықтан жұмыс режиміне көшкен кезде жұмыстың еңбекақысын төлеу тәртібі өзгермейді. Бұл жерде азаматтарға өзінің жұмыс орнында емес, үйден жұмыс атқару мүмкіндігі болады. Еңбек кодексі бойынша оған жұмыс беруші тиісті жағдай жасауға міндетті.  Жалақысы атқарылған жұмыс бойынша ай сайынғы алып жүрген еңбекақы көлемінде төленетін болады", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу