Зерттеу: Үйден жұмыс істейтіндердің 36 пайызы ғана өздерін сергек сезінеді

647

Қашықтан жұмыс істеуге көшкендердің 36%-ы жұмыс күнінен соң өздерін сергек сезінеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Зерттеу: Үйден жұмыс істейтіндердің 36 пайызы ғана өздерін сергек сезінеді

Kaspersky жүргізен сауалнама қорытындысына сәйкес, әлемде қашықтан жұмыс істеуге көшкеннен кейін адамдардың жартысынан көбінде (54%) жүктеме 18%-ға артқан. Осыған қарамастан үйден жұмыс істейтіндердің 36%-ы жұмыс күнінен соң өздерін сергек сезінетінін айтқан.

Респонденттердің 41%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшкеннен кейін өздерін жайлы сезіне бастаған. Сонымен қатар сауалнамаға қатысқандардың 36%-ы үйден жұмыс істеп, жиі шаршайтынын, ал 33%-ы мазасыз күйге түскенін атап өткен.

Бүгінде аралас жұмыс форматы (ішінара үйден және кеңседен жұмыс істеу) танымал болып саналады. 2021 жылдың ортасына қарай әлемдегі адамдардың 45%-ы белгілі бір себептерге байланысты аталған жұмыс форматына көшкен.

"Қашықтан жұмыс істеу форматы ақпараттық қауіпсіздік тәуекелін арттырады. Оның ішінде қызметкерлер әлі де жұмыс істеу үшін пайдаланылатын компания мақұлдамаған күмәнді IT-сервистерді жиі қолданады. Сондықтан оларға цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру өте маңызды", – деді Kaspersky-дің Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу