Үйді "жасыл технологиямен" жабдықтауға 1500 доллар несие беріледі

1881

Еуропа қайта құру және даму банкі Қазақстанның "жасыл жобаларына" 30 миллион доллар несие ұсынып отыр.

Үйді "жасыл технологиямен" жабдықтауға 1500 доллар несие беріледі

Еуропа қайта ұқру және даму банкі (ЕҚҚДБ) Қазақстанда жалпы құны 30 миллион АҚШ долларын құрайтын "жасыл экономиканы" қаржыландыру бағдарламасын іске қосты. 

Осы соманың алғашқы 5 млн долларын "KMF" микроқаржы ұйымы өзіне рәсімдеген екен. Еуропалық бакнтің қаражатын енді ол елдегі шағын бизнес нысандарына өз шартымен ұсынбақшы. Еуропа қайта құру және даму бакні бұл ұйымға жалғыз талап қойып отыр. Несие тек қалаларда немесе аудан орталықтарында ғана емес, шалғай ауылдарда да көптеп берілуі керек. Себебі шалғайдағы ауылдар климаттың өзгеруіне технологиялық тұрғыда дайын болмай шықты. Ғимаратты жылыту үшін дәстүрлі көмір мен дизель отынын, ағаш пайдалану ауылдар шін үйреншікті жағдай. Ал оның салдары табиғатқа үлкен зиян келтіруі мүмкін. Балама энергия көздерін пайдалану арқылы мұның да алын алуға болады. 

"1500 доллар несие ғимараттың жылуын оқшаулауға, фотоэлектрлік күн панельдерін, геотермиялық жылу сорғыларын, суды үнемдейтін суару жүйелерін орнатуға жұмсалуы керек. "KMF" ұйымына несие ресурстарын ұсына отырып, ЕҚҚДБ Қазақстанның экономиканы көмірсутектен дербес ет құру ұмтылысына өз үлесін қосады. Көміртегі шығарындыларының қарқынын және климаттық тәуекелдерді төмендетудің жаһандық процесіне қатысады. Бұл бағдарлама Қазақстанға жылдық энергия тұтынуды 150 000 гигаджуольге және көмірқышқыл газының шығарылуын жылына 40 000 тоннаға көмектеседі", – деп жазылған бағдарламаның ережесінде.

Жалпы ЕҚҚДБ Қазақстан экономикасында 8,6 миллиард еуроболатын инвестиция салып, 276 жобаның жүзеге асуына себепші болды.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу