Үйдің техникалық құжатын енді онлайн алуға болады

1127

Электрондық үкімет порталында жаңа онлайн қызмет түрі іске қосылды. Енді жұртшылық жылжымайтын мүліктің техникалық құжатын интернет арқылы ала алады. Бұл туралы Электрондық үкіметтің телеграмдағы каналы хабарлады. 

Үйдің техникалық құжатын енді онлайн алуға болады

Бұрын тұрғындар техникалық құжатты ресімдеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталықтарына баратын. Енді үйден шықпай-ақ, онлайн тапсырыс бере алады. Ол үшін eGov порталына кіріп, "Жылжымайтын мүлік" бөлімін таңдау керек. Содан кейін "Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын алуға электрондық өтінім беру" қызметін басып, тізімде көрсетілген құжаттарды тіркеу қажет.

"Техникалық паспортты беру мерзімі құжаттың түріне байланысты. Пәтер немесе жатақханадағы бөлменің құжаты үш жұмыс күнінде беріледі. Ал жеке гараж, саяжай құрылыстарының құжаты бесінші жұмыс күні ішінде дайын болады",  – деп жазылған хабарламада.

Қымбат Нұрғали

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу