"Үйдің үлкені пешке отынмен бірге тағы бір нәрсе салған": Жітіқарадағы 5 баланың өліміне не себеп болғаны айтылды

468

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жітіқара қаласында бір отбасының бес бірдей баласының ажалына себеп болған төтенше жағдайға түсінік берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Үйдің үлкені пешке отынмен бірге тағы бір нәрсе салған": Жітіқарадағы 5 баланың өліміне не себеп болғаны айтылды Фото: Zakon.kz

"Өкінішке қарай, өрттен бес бала қайтыс болды. Бұқаралық ақпарат құралдарында балалардың жалғыз, қараусыз қалғаны туралы хабарланды. Жалғыз тірі қалған үйдің үлкен баласы таңертең тұрып пешті жағуға тырысқан болуы керек. Ол пешке отынмен бірге ол тағы бір нәрсе салған, сол жарылысқа себебі болды. Қайғылы оқиғадан кейін бірден балалардың анасымен кездестім, бірнеше күн ішінде оларға екі бөлмелі пәтер сатып алынды", – деді ҚұмарАқсақалов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп беру барысында.

Одан бөлек, әкімнің айтуынша, зардап шеккен отбасына қаржылай қолдау мен психологиялық көмек көрсетілді.

"Енді біз үшін мұндай жағдайдың қайталанбауы маңызды. Жылу маусымы алдында жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен өрт қызметі мамандары барлық үйді аралап түтін мұржасының, пештің жай-күйін тексеріп шықты. Жылу көздерін қалай дұрыс пайдалану керектігі туралы нұсқаулық берілді", – дейді ол.

Еске сала кетсек, қазанның басында Қостанай облысы Жітіқара қаласында өрт шығып, бес бала қаза тапқан еді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу