Ұйғыр ауданындағы төбелесте 5 жігіт пышақ жарақатын алды

1437

Қазіргі кезде облыс әкімі Амандық Баталов Ұйғыр ауданына барып, жергілікті халықпен кездесу өткізуде. 

Ұйғыр ауданындағы төбелесте 5 жігіт пышақ жарақатын алды


Алдын-ала деректер бойынша жастар арасында жанжал туған. Оның үшеуі ауруханада жатыр. 

Алматы облысының Ұйғыр ауданы Бахар ауылы мен Шанхай шағын ауданы жастарының арасында төбелес болып, 5 жігіт пышақ жарақатымен ауруханаға түскен. 

Оқиғаның неден шыққаны туралы ресми ақпарат жоқ. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұған дейін Ақтан ауылында орын алған оқиға себепші болуы мүмкін.

Еске сала кетсек, 5 мамыр күні Ақтам ауылында қазақ пен ұйғыр жастары төбелесіп, Тиірмен ауылында ел арасында іріткі салуы мүмкін оқиға болып, желіде көпшіліктің талқысына түскен еді.

Бұдан кейін облыста комиссия құрылып, Ақтам орта мектебінің директоры Измахунов Октябрь Турганович, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қапсаламов Мұқаметқали, сонымен бірге, аталмыш мектептің биология пәнінің мұғалімі Кахарова Түрдибуви қызметінен босатылған. Бұдан бөлек, Ақтам ауылдық округі әкімі аппаратының спорт жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Камаев Сабиржан Суняцунович және Тиірмен ауылдық округі әкімі аппаратының жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Якярова Умида қызметінен кеткен. 

Соңғы оқиғаның оған қатысы бар-жоғы белгісіз. Ал 5 жігіттің пышақ жарақатымен облыстық ауруханаға түскенін облыстық Денсаулық сақтау басқармасы растап отыр. 

Басқарманың баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірованың айтуынша, 15 маусым күні сағат 23:46-да 5 адам пышақ жарақатымен Ұйғыр аудандық ауруханасына түскен. Оның екеуіне ота жасалып, екеуі амбулаториялық ем қабылдауға жіберіліп, бір  адам хирургия бөліміне жатқызылған. 

Қазіргі кезде облыс әкімі Амандық Баталов Ұйғыр ауданына барып, жергілікті халықпен кездесу өткізуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу