Ұйғырдың хатын тапқан The North Face тергеуді бастады

577

Қытай түрмесінде жатқан ұйғырдың хаты табылды. 

Ұйғырдың хатын тапқан The North Face тергеуді бастады

Санкт-Петербург қаласының тұрғыны The North Face маркасының жаңа аяқ киімін сатып алғаннан, оның ішінен Қытайдағы түрмеде жатқан ұйғырдың "Өтінемін, көмектесіңіздерші" деп жазылған хатын тауып алған болатын. Осыдан кейін компания көп ұзамай ішкі тергеу жұмыстарын бастады. 

Хатта, яғни кішігірім қағаз бетіне "Көмектесіңіздерші. Мен Қытайдағы түрмедемін. Өтінемін, көмектесіңіздерші. Ұйғыр" деп жазылған екен. Оны тауып алған Арслан Гибадуллин дереу The North Face компаниясына осы жайт туралы айтып берген. 

Компаниядағылар оған аяқ киім өндірісінде ешкімді күштеп еңбекке салмайтынын айтқан. Сондай-ақ аймақтағы менеджер бұл аяқ киімнің ешқашан Қытайда болмағанын мәлімдеген. Белгілісі: тауардың қаптамасында оның Вьетнамда жасалғаны жазылған. Дегенмен компания өкілдері бұл жағдайдың жай-жапсарын зерттеуге уәде беріп, Гибадуллиннен хатты, чекті, аяқ киім мен оның қаптамасын кері қайтаруды сұраған. 

Ұйғырлар – Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында тұратын түркітілдес ұлт. Олардың басым бөлігі ислам дінін ұстанады. Human Right Watch дерегі бойынша, Қытай билігі осы ұлттың өкілдерін "саяси қайта тәрбиелеу" лагерьлеріне қамап, бірнеше жыл қатарынан оларға қысым көрсетіп келеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу